Басты
Өзбекстан СІМ: Өзбекстан Қарабақта өткен «президенттік сайлауды» мойындамайды
Өзбекстан Әзірбайжанның егемендігі мен аумақтық тұтастығын қолдайды және 9 қыркүйекте Қарабақта өткен «президенттік сайлауды» мойындамайды, деп жазады Turanews.kz Uza.uz агенттігіне сілтеме жасап.
Өзбекстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Қарабақта өткен сайлауға байланысты мәлімдеме жасады.
«Өзбекстан Республикасы достас Әзірбайжан Республикасының егемендігі мен аумақтық тұтастығын табанды түрде қолдайды, оның ішкі істеріне кез келген араласуды айыптайды және 2023 жылғы 9 қыркүйекте Қарабақта өткен президенттік сайлауды мойындамайды», — делінген хабарламада.