Әлем

Өзбекстан Республикасының Президенті Ресей Федерациясына ресми сапармен барады

Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиёев Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путиннің шақыруымен 5-7 қазан күндері осы елге ресми сапармен барады, деп жазады TuraNews.kz Uza.uz агенттігіне сілтеме жасап.

Сапар бағдарламасына сәйкес, Мәскеу қаласында екі ел басшыларының келіссөздері өтеді. Өзбекстан президенті Ресей Премьер-Министрі Михаил Мишустинмен де кездеседі.

Алдағы кездесулердің күн тәртібінде екіжақты стратегиялық әріптестік пен одақтастық қатынастарды одан әрі нығайту мәселелері орын алған. Ең алдымен сауда-экономикалық, инвестициялық, көші-қон және гуманитарлық салалардағы практикалық ынтымақтастықты кеңейтуге ерекше назар аударылады.

Сондай-ақ Өзбекстан Президенті Татарстанға барып, республика төрағасы Рустам Миннихановпен келіссөздер өткізеді деп жоспарланған.

TuraNews

Back to top button