БастыЭкономика
Өзбекстан Республикасына халықаралық автотасымалдарды жүзеге асыратын қазақстандық тасымалдаушылардың назарына
Қазақстандық тасымалдаушылардың назарын аударғымыз келеді: әлеуметтік желілерде Өзбекстан аумағына кірген кезде арнайы алым төлеу қажеттігі туралы ақпарат таралуда. Алайда бұл мәлімет шындыққа сәйкес келмейді.
ҚР Көлік министрлігі мәлім еткендей, 2007 жылғы Қазақстан Республикасының Yкiметi мен Өзбекстан Республикасының Yкiметi арасындағы Халықаралық автомобиль қатынасы туралы келiсiміне сәйкес тараптардың тасымалдаушылары алым төлеуден босатылған. Тасымалдаушылар тек ақылы жолдарды пайдаланғаны үшін ғана төлем жасауға міндетті. Бұдан басқа ешқандай алым төлеудің қажеті жоқ.