Әлем

Өзбекстан Қытайдан электромобильді көптеп импорттап жатыр

2023 жылдың қаңтар-ақпан айларында Өзбекстан әлемнің 8 елінен құны 26,8 миллион АҚШ долларын құрайтын 786 электромобиль импорттаған. Бұл туралы Turanews.kz UzDaily сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Өзбекстан статистика агенттігінің мәліметі бойынша, электромобиль импорты өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 562-ге артқан.

Өзбекстан 2 айда мына елдерден электромобиль импорттады:

  • Қытай – 705
  • Гонконг – 56
  • Германия – 15
  • БАӘ – 5
  • Корея — 2

TuraNews

Back to top button