ӘлемҚоғам

Өзбекстан Қазақстанға қатынайтын автобус рейсін 2 есе арттырады

Өзбекстан Қазақстанға қатынайтын автобустар рейсін 2 есеге арттырады, деп жазады TuraNews.kz.

Көлік және жолаушылар тасымалы бағындағы мәселелер талқыланған кеңесте Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёев жауапты органдарға бірқатар тапсырма жүктеді. Атап айтқанда, осы елден Қазақстан, Қырғызстан және Тәжікстанға қатынайтын автобус рейсінің санын 2 есе арттыру тапсырылды.

Сонымен қатар Шавкат Мирзиёев келер жылы әуе және теміржол тасымалының көлемін 20 пайызға көтеру қажет екенін атап өтті. Яғни, Өзбекстан 3 халықаралық маршрутты іске қосып, кем дегенде 7 ұшақ сатып алуды жоспарлап отыр.

 

TuraNews

Back to top button