БастыДенсаулықҚоғамМәдениетСаясатСпортТехнологияТуризмЭкономика

Өзбекстан президенті «Түркия Республикасы орденімен» марапатталды

Анкараға сапары аясында Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиёев Түркия Республикасының жоғары мемлекеттік наградасымен марапатталды.

Бұл туралы Өзбекстан басшысының баспасөз қызметі хабарлады.

Түркия президенті Режеп Тайип Ердоған Өзбекстан президентіне елдің ең жоғары мемлекеттік наградасы, «Түркия Республикасы орденін» салтанатты түрде табыс етті.

«Бүгін, елдеріміз арасындағы жан-жақты стратегиялық әріптестікті тереңдету туралы декларацияға қол қойылған күні Түркия Республикасынан осындай жоғары марапатқа ие болу мен үшін үлкен мәртебе. Бұл марапат халықтарымыз арасындағы көп ғасырлық достықтың, жоғары деңгейдегі сенімді байланыс пен екіжақты көпжақты қарым-қатынастардың қарқынды дамуының символы», – деді Шавкат Мирзиёев.

Айта кету керек, Түркия Республикасы Президентінің шешімі бойынша бұл сыйлық Түркиямен достық қарым-қатынасты дамытуға зор үлес қосқан мемлекет қайраткерлеріне беріледі.

TuraNews

Back to top button