БастыҚоғамМәдениетСаясатТуризмЭкономика

Өзбекстан Президенті Түркия делегациясын қабылдады

Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиёев 26 маусымда Өзбекстанға іскерлік сапармен келген Түркияның Ұлттық қорғаныс министрі Яшар Гюлер бастаған делегацияны қабылдады.

Кездесу басында Түркия қорғаныс басқармасының басшысы Өзбекстан басшысына Президент Режеп Тайып Ердоғанның шынайы сәлемі мен ізгі тілегін жеткізді, деп хабарлайды TuraNews.kz Uza агенттігіне сілтеме жасап.

Анкара қаласына 5-6 маусым күндері жасаған жоғары деңгейдегі сапар барысында қол жеткізілген уағдаластықтарды ескере отырып, Өзбекстан мен Түркия арасындағы жан-жақты стратегиялық серіктестікті тереңдетудің өзекті мәселелері талқыланды.

Әскери және әскери-техникалық ынтымақтастықты дамыту мүмкіндіктері, оның ішінде ведомствоаралық тығыз байланыстарды нығайту, бірлескен іс-шараларды ұйымдастыру, әскери мамандарды даярлау және басқа да мәселелер талқыланды.

Қауіпсіздік саласында, терроризм, экстремизм және радикализмге қарсы күресте ынтымақтастықты нығайту мен үйлестіруге ерекше назар аударылды.

Аймақта бейбітшілік пен тұрақтылықты қамтамасыз ету, соның ішінде Ауғанстандағы жағдай жөнінде пікір алмасылды.

 

TuraNews

Back to top button