Саясат

Өзбекстан Президенті Татарстанның «Достық» орденімен марапатталды

Қазан қаласына сапары аясында Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиёевті Татарстан Республикасының мемлекеттік наградасы – «Достық» орденімен марапаттау рәсімі өтті.

Жоғары марапатты Татарстан басшысы Рустам Минниханов салтанатты түрде табыс етті, деп жазады ӨзА.

Агенттік мәліметінше, Өзбекстан президентіне бұл орденмен Өзбекстан мен Татарстан арасындағы ынтымақтастықты дамытуға, халықтар арасындағы достық пен өзара түсіністікті нығайтуға қосқан зор үлесі үшін марапатталды.

«Татарстан башысы Рустам Минниханов, Шавкат Мирзиёевке марапат үшін шынайы алғысын білдіріп, кейінгі жылдары өзара ынтымақтастықта жоғары нәтижелерге қол жеткізілгенін ризашылықпен атап өтіп, Татарстан халқына ізгі тілектерін жеткізді», деп жазады агенттік.

 

TuraNews

Back to top button