
Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиёев Қазақстанға жұмыс сапарымен келді, деп хабарлайды TuraNews.kz.
Астанадағы халықаралық әуежайда Шавкат Мирзиеевті ҚР Премьер-министрі Олжас Бектенов және басқа да ресми тұлғалар күтіп алды.
Бүгін Өзбекстан басшысы «Орталық Азия – Германия» екінші саммитінің іс-шараларына қатысады.
Бұған дейін Қырғыз Республикасының Президенті Садыр Жапаровтың келгенін жазған едік.