
Сауд Арабиясының Корольі Салман бин Абдулазиз Әл-Саудтың шақыруымен Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиёев 11 қараша күні Газа мен Ливандағы шиеленістің күшеюіне және Таяу Шығыстағы қақтығысты тез арада шешу жолдарын қарастыруға арналған кезектен тыс Араб-ислам саммитіне қатысады.
12-13 қараша күндері Өзбекстан басшысы Әзербайжан Республикасының Президенті Ильхам Әлиевтің шақыртуымен БҰҰ-ның Климаттың өзгеруі жөніндегі негіздемелік конвенциясы Тараптарының конференциясының (COP29) 29-сессиясына қатысады.
Өзбекстан Президентінің бұл саммиттерде сөз сөйлеп, сондай-ақ шетел мемлекеттері мен халықаралық ұйымдардың басшыларымен бірқатар кездесулер өткізуі жоспарланған.