БастыДенсаулықҚоғамМәдениетСаясатТехнологияТуризмЭкономика

Өзбекстан президенті ресми сапармен Түркияға барады

Өзбекстан басшысы Шавкат Мирзиёев Түркияның президенті Режеп Тайип Ердоғанның шақыруымен 6 маусымда Анкараға ресми сапармен барады.

Сапардың бағдарламасына сай, екі елдін басшыдарының төрағалығымен Түркия астанасында Стратегиялық ынтымақтастық кеңесінің үшінші отырысы өтеді. 

Саммиттің күн тәртібінде Өзбекстан-Түркия қарым-қатынастарын жан-жақты стратегиялық серіктестікте дамыту және нығайту мәселелері қарастырылады. Сонымен қатар, халықаралық саясаттың өзекті аспектілері бойынша пікір алмасу болады.

«Тәжірибелік өзара іс-қимылды кеңейтуге, бірінші кезекте тауар айналымын арттыруға, өнеркәсіп, жасыл энергетика, электротехника, тоқыма өнеркәсібі, фармацевтика өнеркәсібі, аграрлық сектор және басқа да салалардағы, оның ішінде мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясындағы ынтымақтастық жобаларын ілгерілетуге ерекше назар аударылады», — делінген хабарламада.

Келіссөздер нәтижесінде бірқатар екіжақты құжаттарға қол қою жоспарланған.

Сондай-ақ Өзбекстан мен Түркия президенттері екі елдің жетекші кәсіпорындары мен компанияларының басшыларымен алғашқы бірлескен кеңес өткізеді.

 

TuraNews

Back to top button