Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиёев Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпиннің шақыруымен 23-25 қаңтарда мемлекеттік сапармен Қытайға барады.
Өзбекстан басшысының баспасөз қызметінен мәлімдегендей, сапардың бағдарламасына сәйкес Бейжің қаласында жоғары деңгейдегі келіссөздер мен бірқатар екіжақты кездесулер өтеді.
Күн тәртібінде Өзбекстан мен Қытай арасындағы жан-жақты стратегиялық серіктестік қатынастарын одан әрі нығайту және кең ауқымды практикалық ынтымақтастықты кеңейту мәселелері талқыланбақ.
Сондай-ақ, Шавкат Мирзиёев Қытай өңірлерінің біріне барып, осы елдің жетекші компаниялары мен банк-қаржы институттарының басшыларымен кездесу өткізеді.