БастыСаясатЭкономика

Өзбекстан президенті Қазақстанға мемлекеттік сапармен келеді

9 тамызда Астанада Орталық Азия мемлекеттері басшыларының кезекті Консультативтік кездесуі өтеді.

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиёев 7-9 тамызда Астанаға мемлекеттік сапармен барады. Бұл туралы Қазақстан президентінің баспасөз қызметі мәлімдеді

Саммит барасында сауда, өнеркәсіптік кооперация, көлік-логистика, энергетика, ауыл және су шаруашылығы және басқа да басым бағыттар бойынша практикалық ынтымақтастықты кеңейтуге басты назар аударылады.

Мұндай алғашқы кездесу 2018 жылдың наурыз айында Астанада өтті. Өңірлік мәселелерді бірлесіп шешу үшін тұрақты түрде консультативтік кездесулер өткізу Шавкат Мирзиёевтің бастамасы болды.

Естеріңізге сала кетейік, Мирзиёев Қазақстанға бір ай бұрын, яғни, Шанхай Ынтымақтастық ұйымының саммиті кезінде тағы келген болатын.

 

TuraNews

Back to top button