Басты

Өзбекстан Президенті Қазақстан халқына көңіл айтты

Өзбекстан тарапының бастамасымен Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёевпен телефон арқылы сөйлесті. бұл туралы Ақордаға сілтеме жасап Turanews.kz хабарлайды.

Өзбекстан Президенті Абай облысындағы өрт салдарынан адамдардың қаза табуына байланысты Мемлекет басшысына және Қазақстан халқына көңіл айтты. Шавкат Мирзиёев мерт болған азаматтардың отбасыларының қайғысына ортақ екенін жеткізді.

Әңгімелесу барысында тараптар екі ел арасындағы стратегиялық серіктестік пен ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға ниетті екенін тағы да растады және әлемдегі қазіргі жағдай туралы пікір алмасты.

Еске салайық, «Семей» орманы резерватында өрт 8 маусым күні шыққан болатын. Абай облысы әкімінің орынбасары Димитрий Гариковтың айтуынша, өрт 2 рет түскен найзағайдан тұтанған.

 

TuraNews

Back to top button