Саясат

Өзбекстан президенті мемлекеттік сапармен Моңғолияға барады

Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиёев Моңғолия Президенті Ухнаагийн Хүрэлсүхтің шақыруымен 24 маусым күні осы елге мемлекеттік сапармен барады.

Uza агенттігінің хабарлауынша, Сапар аясында Улан-Батор қаласында екіжақты кездесулер мен жоғары деңгейдегі іс-шаралар өткізу жоспарланған.

Мемлекеттік сапар аясында Моңғолия президенті Ухнаагийн Хурэлсух пен Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёев ресми келіссөздер жүргізіп, екі ел арасындағы достық қатынастар мен ынтымақтастықты кеңейту және дамыту, сондай-ақ аймақтық және халықаралық алаңдардағы өзара іс-қимыл мәселелері бойынша пікір алмасады», — делінген агенттік хабарламасында.

Айта кетсек, Моңғолия мен Өзбекстан арасында дипломатиялық қатынастар 1992 жылғы 25 қаңтарда орнаған.

 

TuraNews

Back to top button