Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиёев Тәжікстан Республикасының Президенті Эмомали Рахмонның шақыруымен 14 қыркүйек күні Тәжікстанға жұмыс сапарымен барады, деп жазады Turanews.kz Uza.uz агенттігіне сілтеме жасап.
Сапар бағдарламасына сәйкес, Душанбе қаласында Орталық Азия елдері басшыларының келесі Консультативтік кездесуі мен Халықаралық Аралды құтқару қорының негізін қалаушы елдер басшыларының кездесуі өтеді.
Сондай-ақ Өзбекстан Президентінің екіжақты келіссөздері мен басқа да шараларға қатысуы жоспарланған.