Саясат

Өзбекстан Президенті жұмыс сапарымен Астанаға келеді

Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиёев Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен 2-3 қараша күндері Түркі мемлекеттері Ұйымына мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің кезекті отырысына қатысу үшін Астана қаласында барады, деп хабарлайды TuraNews.kz Uza агенттігіне сілтеме беріп.

Саммиттің күн тәртібінде ұйым аясындағы көпжақты ынтымақтастықты, ең алдымен, сауда-экономика, инвестиция, көлік-коммуникация, экология, мәдени-гуманитарлық және басқа да салаларда одан әрі дамыту мәселелері талқыланады деп жоспарланған.

Делегация басшылары халықаралық саясат пен өңірлік ынтымақтастықтың өзекті мәселелері бойынша да пікір алмасады.

Іс-шаралар соңында бірқатар бірлескен құжаттар қабылданады деп күтілуде.

Ұйымға Өзбекстан Республикасы, Әзірбайжан Республикасы, Қазақстан Республикасы, Қырғыз Республикасы және Түркия Республикасы мүше, Венгрия мен Түркіменстан ұйымда бақылаушы елдер саналады.

TuraNews

Back to top button