БастыСаясат

Өзбекстан Президенті Бакуге келді

Кеше түнде Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиёев Әзірбайжан Республикасының Президенті Ильхам Әлиевтің шақыруымен жұмыс сапармен Бакуге келді, деп хабарлайды TuraNews.kz Uza.uz агенттігіне сілтеме жасап.

Өзбекстан Президентін Гейдар Әлиев атындағы әуежайда Әзірбайжан Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Якуб Аюбов және басқа да ресми тұлғалар қарсы алды.

Бүгін, 24 қарашада Өзбекстан Президенті БҰҰ-ның Орталық Азия экономикаларына арналған арнайы бағдарламасының (СПЕКА) бірінші саммитіне қатысады.

TuraNews

Back to top button