Шавкат Мирзиёевты «Есенбұға» әуежайында Түркияның вице-президенті Джавдат Йылмаз және басқа да ресми тұлғалар күтіп алды. Жоғары мәртебелі меймандар құрметіне құрметті қарауыл сап түзеді.
Бүгін екі ел басшыларының төрағалығымен жоғары деңгейдегі Стратегиялық ынтымақтастық кеңесінің үшінші отырысы өтеді.
Келіссөздер аясында Өзбекстан-Түркия жан-жақты стратегиялық серіктестігін дамыту, саяси, сауда-экономикалық, инвестициялық, көлік-коммуникация, білім беру және мәдени-гуманитарлық салалардағы ынтымақтастықты кеңейту мәселелері жан-жақты талқыланады.