Технология

Өзбекстан мобильді интернет жылдамдығы рейтингінде 12 орынға көтерілді

Өзбекстанның мобильді интернет жылдамдығы рейтингі өткен айда 12 сатыға көтерілді.

Өзбекстан Республикасының Ақпараттық технологиялар мен коммуникацияларды дамыту министрі Шерзод Шерматовтың айтуынша, Өзбекстан бұл көрсеткіш бойынша 2020 жылмен салыстырғанда 56 орынға жоғарылаған.

«Яғни, халық санының өсуі мен бағаны сақтай отырып көбірек мобильді интернеті бар тарифтер саны артып, желіге сұраныс күн санап артып келе жатқанына қарамастан, орташа жылдамдықты арттыру бойынша операторлар рейтингтегі басқа елдердің көпшілігіне қарағанда біршама тиімді жұмыс істеуде. Әрине, бұл жеткілікті дегенді білдірмейді, біздің операторлар интернеттің жылдамдығы мен сапасын арттыру үшін көп жұмыс істеуі керек», — деп жазады Шерзод Шерматов.

Қаңтар айында Өзбекстан мобильді интернет жылдамдығы бойынша 144 елдің арасында 91-ші орынға ие болған еді.

Айта кетейік, мобильді интернет жылдамдығын бақылап отыратын SpeedTest Global Index рейтингінде Қазақстан 64-ші орынды иеленген.

 

Source
Уза агенттігі

TuraNews

Back to top button