БастыЭкономика

Өзбекстан мен Түркия тұқым өндіру орталығын ашуды жоспарлап отыр

Түркия Республикасының Сыртқы істер министрі Хакан Фидан, Ішкі істер министрі Али Екрлиая және Ұлттық барлау қызметінің директоры Ибрахим Калын бастаған делегация Өзбекстан билігімен Озагроинспекция жанынан «Өзбек-түрік тұқым шаруашылығын сынау орталығын» құру жобасын талқылады.

Жергілікті БАҚ-тың хабарлауынша, сапар барысында түрік делегациясы «Өзагроинспекция» мен Ауыл шаруашылығы өнімдерінің сапасын бағалау орталығының қызметімен танысты. Ағымдағы жылдың 5-6 маусымында екі ел басшыларының кездесуінде қол жеткізілген уағдаластықтардың аясында ашылуы жоспарланған сынақ орталығын құру бойынша келіссөздер жүргізілді.

Түрік тарапы көкөніс және мал азықтық дақылдардың тұқымдарын осы стандарттар бойынша сертификаттауға мүмкіндік беретін ISTA (Халықаралық тұқым сынау қауымдастығы) стандарттарына сәйкес орталық ұйымдастыруды ұсынды.

Кездесу барысында тараптар орталықты құру жоспарын талқылап, оны ашу үдерісін жеделдету туралы келісті.

 

TuraNews

Back to top button