БастыЭкономика

Өзбекстан мен Тәжікстан өзара тауар айналымын 2 млрд долларға жеткізбек

Өзбекстан мен Тәжікстан басшылары екі ел үкіметінің алдына өзара тауар айналымын 2 млрд долларға дейін жеткізу міндетін қойды.

Өзбекстан басшысының баспасөз қызметінен мәлім еткендей, Душанбе қаласында Шавкат Мирзиёев пен Эмомали Рахмон арасында өткен кездесу барысында президенттер саяси диалогты тереңдетуге, сауда-экономикалық ынтымақтастықты арттыруға, өңіраралық және мәдени-гуманитарлық байланыстарлы нығайтуға ерекше назар аударды.

Қос мемлекеттің президенттері «Одақтастық қарым-қатынас туралы» тарихи келісімінің өзбек-тәжік байланыстарын сапалы әрі жаңа деңгейге көретуге ықпал ететінін атап өтті.

Кейінгі жылдары өзара тауар айналымы 40 есе өсті. Бірлескен кәсіпорындар саны 15 есеге артты.

«Екі елдің үкіметі алдына тауар айналымын 2 млрд долларға дейін жеткізу міндеті қойылды. Бұл межеге жаңа тауар түрлерін экспорттау мен импорттау және шекара маңындағы сауда аймақтарын таяу уақытта іске қосу есебінен қол жеткізу тапсырылды», — деп мәлім етті Өзбекстан басшысының баспасөз қызметінен.

Source
inbusiness.kz

TuraNews

Back to top button