
Қол қою рәсімі Өзбекстан, Тәжікстан және Қырғызстан президенттерінің алғашқы саммиті аясында өтті. Осылайша, осыдан бір жыл бұрын мемлекет басышылары деңгейінде мақұлданған құжат ресми күшіне енді.
Сонымен қатар, сапар барысында Шавкат Мирзиёев пен Эмомали Рахмон шағын құрамда келіссөз жүргізді. Онда тараптар екі ел арасындағы байланыстарды тереңдету мүмкіндіктерін талқылады. Кездесуде мәлім болғандай, былтыр ресми Ташкент пен Душанбе 700 млн долларға сауда-саттық жасаған.
Бұған қоса, президенттер таяуда Өзбекстанда өтетін «Орталық Азия – Еуроодақ» саммитіне, Орталық Азия елдері мемлекет басшыларының жетінші Консультативтік кездесуіне дайындық барысын пысықтады.
Мұнымен бірге, Өзбекстан, Тәжікстан және Қырғызстан басшылары мемлекеттік шекаралардың тоғысу нүктесі жөніндегі шартқа қол қойып, «Достық жебесі» монументінің ашылу салтанатына қатысты.