ӘлемСаясатЭкономика

Өзбекстан мен Қытай арасындағы тауар айналымы 7 миллиард долларға жетті

Ташкентте Өзбекстан-Қытай бизнес форумы мен «Бір белдеу, бір жол» бастамасының 10 жылдығына арналған конференция өтті, деп жазады Turanews.kz Uza.uz агеттігіне сілтеме жасап.

Шараға Қытай Коммунистік партиясының Шаньдун провинциялық комитетінің хатшысы Линь Ву бастаған делегация мүшелері де қатысты.

Форумның мақсаты – ынтымақтастықты одан әрі кеңейту, Өзбекстан мен Шаньдун арасында жергілікті деңгейде өзара тиімді серіктестіктің жаңа өрісін құру.

Өзбекстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары Жамшид Хужаев пен Лин У баршаны «Бір белдеу, бір жол» мүмкіндігін пайдалана отырып, өзара қарым-қатынастар тарихының жаңа парағын ашуға шақырды.

Биылғы жылы екі ел арасындағы тауар айналымы 30 пайызға артып, 7 миллиард долларға жетті. Бұл көрсеткішті жыл соңына дейін екі ел басшылары белгілеген 10 миллиард долларға дейін жеткізу көзделген. Инвестициялық ынтымақтастық та нығая түсуде. Жалпы игерілген қытайлық инвестиция 2017 жылдан бері 5 есе өсіп, 11 миллиард долларға жетті. Қытайлық компаниялардың қатысуымен республикада ондаған заманауи кәсіпорындар құрылып, мұнай-газ, химия, тоқыма өнеркәсібі сияқты маңызды салаларда ірі жобалар жүзеге асырылып, жаңа жұмыс орындары ашылды. Мысалы, Қашқадария және Бұхара облыстарында «Shandong Electric Power Construction» компаниясымен бірге жалпы қуаты 1000 МВт болатын фотоэлектр станциялары салынуда.

TuraNews

Back to top button