Басты

Өзбекстан мен Қырғызстанның жетекші ақпарат агенттіктері ынтымақтастықты кеңейтуге ниетті.

«ӨзА» мен «Кабар» ақпарат агенттіктері елдер арасындағы қарым-қатынасты заман талабына сай дамытуды жоспарлап отыр.

Кеше Өзбекстанда маңызды саяси шара – Олий Мажлис Заң шығарушы палатасы мен жергілікті кеңес депутаттарының сайлауы өтті. Осыған орай, Өзбекстанға бірнеше елден БАҚ өкілдері келіп, сайлау барысын бақылап, ақпарат таратты. Олардық қатарында Қырғыз Республикасының «Кабар» Ұлттық ақпарат агенттігінің директоры Медербек Шерметалиев те болды, ол Өзбекстан Ұлттық ақпарат агенттігіне (ӨзА )арнайы сапармен келді, деп хабарлайды агенттік.

Кездесу барысында екі елдің жетекші ақпарат агенттіктері арасындағы байланысты заман талабына сай дамыту қажеттігі талқыланды.

©ӨзА

Әңгімелесу аясында ақпарат алмасу ауқымын кеңейту, қызметкерлердің кәсіби тәжірибесі мен біліктілігін жүйелі түрде арттыру мақсатында серіктестік орнату туралы келісімге келіп, жаңартылған Өзара түсіністік меморандумына қол қойылды.

«Бүгінгі таңда Қырғыз Республикасы мен Өзбекстанда жүзеге асырылып жатқан реформалар туралы әділ әрі сенімді ақпарат тарату аса маңызды,» – деп атап өтті «Кабар» агенттігінің директоры Медербек Шерметалиев. – «Осы орайда Өзбекстан Ұлттық ақпарат агенттігімен ынтымақтастықты нығайту келісіміміз уақытылы және маңызды қадам болды. Айта кетерлік жайт, Өзбекстан азаматтары саяси үдерістерге өте белсенді қатысуда. Осы мүмкіндікті пайдалана отырып, бауырлас өзбек халқына бейбітшілік, өркендеу және амандық тілеймін.»

Қырғызстандағы негізгі мемлекеттік ақпарат агенттігі ретінде «Кабар» Өзбекстан өміріне қатысты материалдарды тұрақты түрде жариялап отырады.

 

TuraNews

Back to top button