
Өзбекстанның Сыртқы істер министрлігіне қарасты Dunyo ақпарат агенттігінің мәліметінше, кейінгі бірнеше жылда ресми Ташкент пен Тегеран арасындағы экономикалық және мәдени-гуманитарлық байланыстар дамудың жаңа сатысына шықты.
— Кездесу барысында Өзбекстан мен Иранның туризм бойынша бірлескен комитетін құру және ЮНЕСКО аясындағы ынтымақтастықты бекемдей түсу мүмкіндігі талқыланды, — делінген хабарламада.
Сонымен қатар, Иран тарапы Өзбекстанның туристік компанияларын биыл 11-14 ақпан аралығында Тегеранда өтетін 18-ші Халықаралық туристік көрмеге қатысуға шақырды