Өзбекстанның Энергетика министрлігі Өзбекстан мен «Газпром» арасындағы келісімнің жай-жапсарын түсіндірді деп хабарлайды Turanews.kz ҚазАқпарат агенттігіне сілтеме жасап.
Өзбекстан Энергетика министрлігінің мәліметінше, қол қойылған «Жол картасы» бағдарламасына сәйкес тараптар арасында Қазақстан мен Өзбекстан аумағы арқылы өтетін «Орталық Азия– Орталық» газ құбыры арқылы газ транзитін жүзеге асыру үшін техникалық іс-шаралар келісілген.
Техникалық жұмыстар аяқталғаннан кейін табиғи газды жеткізудің негізгі шарттары талқыланады.
«Келіссөз бен «Жол картасы» Өзбекстан Республикасының қолданыстағы газ тасымалдау жүйесіне меншік құқығын толық сақтай отырып, табиғи газды ішкі нарыққа қажетті көлемде жеткізуге бағытталғанын атап өткен жөн. Бұл жағдайда газ тасымалдау жүйесіне де, еліміздің егемендігімізге де қауіп жоқ», — деп атап өтті Өзбекстан Энергетика министрлігі.
Ведомство алдағы уақытта бұл бағыттағы бүкіл жұмыс Өзбекстанның ұлттық мүддесі толық қорғалған жағдайда жүргізіліп, нәтиже тұрақты түрде жұртшылық назарына ұсынылып отыратынын жеткізді.
24 қаңтарда Өзбекстан мен «Газпром» газ саласындағы ынтымақтастық жол картасына қол қойды.