
Өзбекстан мен Әзербайжан футбол қауымдастығы 2027 жылы өтетін жасөспірімдер құрамалары (U-20) арасындағы әлем чемпионатын өткізуге FIFА-ға бірлескен өтінім берді, деп хабарлады Өзбекстан футбол ассоциациясының баспасөз қызметі.
Футбол ассоциациялары атап өткендей, соңғы жылдары екі ел де футбол инфрақұрылымын дамытуда және халықаралық аренадағы беделін нығайтуда айтарлықтай жетістіктерге жетті. Өзбекстан мен Әзербайжан турнирді жоғары ұйымдастырушылық деңгейде өткізуге дайын екендіктеріне сенім білдірді.
Соңғы жылдары Өзбекстанда стадиондар халықаралық стандарттарға сай қайта жаңғыртылды, деп атап өтті ӨФА баспасөз қызметі.
Елде ірі турнирлерді, соның ішінде жастар арасындағы Азия чемпионатын (U-20, U-23), сондай-ақ Орталық Азия тарихында бірінші болып өткізілген 2024 жылғы футзалдан әлем чемпионатын өткізу тәжірибесі жинақталған. FIFА президенті Джанни Инфантино оны тарихтағы ең жақсы әлем чемпионаттарының бірі деп атады, деп еске алды ассоциация.