Бұл жайлы елдің Спорт министрлігі хабарлады.
Дүбірлі дода биыл қыркүйекте Астанада өтеді. Көрші елдің құрамасы айтулы аламаннан шет қалмауды көздеп отыр. Құрама мүшелері жаз айларында толық жасақталады. Оған дейін ішкі бәсекелерде өзара кіл мықтылар анықталады. Көшпенділер ойындарының бағдарламасына 20 спорт түрі енген. Соның ішінде мас-рестлинг, күрес, көкпар, арқан тартыс сынды бәсекелер Өзбекстанда кең таралған. Оның үстіне ала шапанды ағайында көнеден келе жатқан атбегілік дәстүр бар. Осы істе қарабайыр жылқысының тұқымын сақтап, түрлі деңгейдегі бәйгелерде жақсы нәтижелерге қол жеткізген.
«Бұл жарысқа Өзбекстанның спорт делегациясы мас-рестлинг, кураш, көкпар, белбеу күресі, арқан тартыс және садақ ату сынды бәсекелерге қатысады деп жоспарланған. Бүгінде Көшпенділер ойындарына қатысты дайындық қолға алынып, онда лайықты өнер көрсетуге бағытталған шаралар жүргізіліп жатыр», -деп мәлімдеді Бибіжан Аралбаева, Өзбекстан Спорт министрлігінің бас маманы
Айта кетейік, көшпенділер ойынының бағдарламасына 20 спорт түрі енген. Соның ішінде мас-рестлинг, күрес, көкпар, арқан тартыс сияқты бәсекелер Өзбекстанда да кең таралған. Тіпті бұған дейін Орталық Азиядағы ең көне қалалардың бірі Шахрисабзда ауқымды этноспорт фестивалі ұйымдастырылған еді. Сол шарада көршіміздің спортшылары үздіктердің бірі атанған.