ӘлемЭкономика

Өзбекстан көмір өндірісін 10 млн тоннаға дейін арттыруды көздеп отыр

Өзбекстан келер жылы көмір өндіру көлемін 10 млн тоннаға дейін ұлғайтуды жоспарлап отыр. Бұл туралы президент Шавкат Мирзиёевтің қатысуымен өткен көмір өндіруді арттыру жоспары туралы кенестен мәлім болды,

Президенттің баспасөз қызметінен мәлім еткендей, Өзбекстандағы көмір қоры шамамен 2 млрд тоннаға бағаланып отыр. Осы ретте Шавкат Мирзиёев жауапты лауазымды тұлғаларға аталған салаға халықаралық стандарттарды енгізу, көмір сапасын көтеру және инвестициялық жобаларды жеделдету бойынша міндет жүктеді.

Өзбекстан үкіметінің алдына қойылған жоспарға сай, биыл көмір өндірісі 8, келер жылы 10 млн тоннаға дейін артуы тиіс.

Айта кетейік, былтыр елде өндірілген қатты отынның көлемі 6,5 млн тонна болған еді.

Қоса кетсек, үстіміздегі жылдың қаңтарында Шавкат Мирзиёев халықтың, әлеуметтік сала мен өнеркәсіптің қажеттілігін ескере отырып, көмір өндірісін 22%-ға арттыруды тапсырған болатын.

 

Source
Kazinform

TuraNews

Back to top button