Экономика

Өзбекстан жеңіл көліктің 80 пайызын Қытайдан импорттап жатыр

Былтыр Өзбекстан шет елдерден 1,28 млрд долларға бағаланған 74,7 мың жеңіл көлікті импорттады, деп хабарлайды Kazinform агенттігінің меншікті тілшісі.

Статистика агенттігінің дерегінше, былтыр Қытайдан 61 мыңнан астам темір тұлпар әкелінген, бұл жалпы импорттың 81,6 пайызына тең, деп жазады Kazinform агенттігі.

Екінші орынға 11,9 мың көлікпен Оңтүстік Корея жайғасса, одан кейін тізімде АҚШ (639 көлік), Үндістан (577) және Жапония (168) тұр.

Еске салайық, былтырғы 8 айда Өзбекстанда көлік импорты 21 пайызға артқанын жазып едік.

Мұнымен бірге, өткен жылы қазанда Қазақстан «Өзбекстан темір жолдары» АҚ құрамына кіретін «Құю-механикалық зауытынан» 20 жүк вагоннын сатып алды.

 

TuraNews

Back to top button