Әлем
Өзбекстан Израильдің Қатар астанасына жасаған соққысын айыптады
Өзбекстанның Сыртқы істер министрлігі Изариль билігінің Дохада жасаған әскери акциясына қатысты мәлімдеме жасады.

— Өзбекстан Израильдің Доха қаласына жасаған соққыларын айыптап, оны егемендік құқығын бұзу және Қатар мемлекетінің қауіпсіздігіне қатер төндіру деп санайды. Мұндай әрекеттер БҰҰ жарғысына, сондай-ақ халықаралық құқық қағидаларына қайшы, — делінген СІМ мәлімдемесінде.
Ведомстводан атап өткендей, Өзбекстан Таяу Шығыстағы онсыз да күрделі жағдайды ушықтыратын кез-келген әрекетке түбегейлі қарсы.
Еске салайық, 9 қыркүйекте Израиль Доха қаласына әуеден соққы жасады.
Салдарынан Қатардың ішкі қауіпсіздік күштерінің қызметкері қаза тапты.
Кейін Израиль премьер-министрі ХАМАС басшылығына жасалған соққыны терроризмге қарсы күрес үшін амалсыздан барған қадам деп мәлімдеді.