БастыСаясат

Өзбекстан ядролық қауіпсіздік жөніндегі халықаралық шарттарға қосылуға мүдделі

Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёев өнеркәсіптік, радиациялық және ядролық қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік бақылау жүйесін жетілдіруге бағытталған жарлыққа қол қойды.

Kazinform агенттігінің хабарлауынша, құжат елдің ядролық қауіпсіздік саласындағы бірқатар халықаралық шарттарға қосылуы үшін дайындық бастауға бағытталған. 

— Өзбекстан Республикасының қосылуы тиіс ядролық қауіпсіздік саласындағы халықаралық шарттардың тізбесі бекітілсін, — делінген Шавкат Мирзиёев қол қойған жарлықта.

Атап айтқанда, Өзбекстан Ядролық залал үшін азаматтық жауапкершілік туралы Вена конвенциясына, Ядролық немесе радиациялық апат жағдай кезіндегі көмек конвенциясы мен Ядролық қауіпсіздік туралы конвенцияға қосылуға ниетті.

Еске салайық, Өзбекстан мен АЭХА атом энергетикасы саласындағы ынтымақтастықты нығайтуға ниетті.

TuraNews

Back to top button