ӘлемБастыСаясат

Өзбекстан Газа секторының тұрғындарына көмек ретінде $1,5 млн бөледі

Өзбекстан Газа секторының тұрғындарына көмек ретінде Біріккен Ұлттар Ұйымының Таяу Шығыстағы агенттігіне $1,5 млн бөлмек. Бұл туралы энергетика жүйесін күзгі және қысқы маусымға дайындауға арналған жиын барысында Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёев айтты, деп жазады TuraNews.kz ҚазАқпарат агенттігіне сілетеме жасап.

Өзбекстан Президенті баспасөз қызметінің хабарлауынша, Шавкат Мирзиёев күн тәртібіне қойылып отырған негізгі мәселе туралы сөз қозғамастан бірден бүкіл әлемді толғандырып отырған жағдайға көшті.

«Израиль әскері мен ХАМАС қозғалысы арасындағы қарулы қақтығыс гуманитарлық дағдарысты өршітті, еш кінәсі жоқ бейбіт тұрғындар арасында өлім көбейді. Құрбандардың арасында әйелдер мен балалар да бар, сондай-ақ осы шиеленіс салдарынан тұрғындар баспаналарынан айрылып, туған жерін тастап кетуге мәжбүр болып отыр. Біз Палестина мен Израиль тарапынан құрбан болғандардың барлығының қайғысына ортақтасып, отбасыларына көңіл айтамыз. Мен Біріккен Ұлттар Ұйымының Таяу Шығыстағы агенттігіне Газа секторының тұрғындарына көмек ретінде 1 млн 500 мың теңге бөлу туралы шешім шығардым. Біз Палестина халқымен біргеміз және олардың БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесі мен Бас Ассамблеясы қабылдаған резолюциялар аясында тәуелсіз мемлекет құру жөніндегі құқықтарын қолдаймыз»,-деді Өзбекстан президенті.

Сондай-ақ ол екі тарапты да дереу татуласып, қарулы қақтығыстарды тоқтатуға, шиеленісті бейбіт жолмен шешуге шақырды.

Мирзиеев Орталық Азия өңірінде түрлі ұлттар мен конфессия өкілдерінің тату-тәттір өмір сүру тәжірибесі бар екенін атап өтті.

«Бірнеше ғасыр бойы мұнда өзара сенім мен достықта мұсылман, христиан және иудейлер өмір сүріп жатыр. Осы мүмкіндікті пайдалана отырып, мен өзіміздің отандастарымызды әсіресе жастарды түрлі арандатуларға алданып, заңсыз әрекеттерге бармауға шақырғым келеді. Біз бірлік пен өзара түсіністікте өтіп жатқан бейбіт тыныш өмірімізді сақтауымыз керек, ол біздің ең басты күшіміз және баға жетпес байлығымыз»,-деді Шавкат Мирзиеев.

TuraNews

Back to top button