ӘлемҚоғам

Өзбекстан елге заңсыз дрон әкелгендерге қатысты жазаны жеңілдетпек

Өзбекстан Олий Мәжілісі заң шығару палатасының депутаттары ел аумағына дрондарды заңсыз әкелгені үшін жауапкершілікті жеңілдететін заң жобасын мақұлдады, деп жазады TuraNews.kz Kazinform агенттігіне сілтеме беріп.

Заң шығару палатасының баспасөз қызметі мәлім еткендей, дрондар Өзбекстанға әкелуге шектеу қойылған тауарлардың қатарына жатады. Оларды заңсыз кіргізгені, сатып алғаны, сақтағаны немесе пайдаланғаны үшін қылмыстық жауапкершілік көзделген. Атап айтқанда, осындай әрекетке барғандар 3 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Енді жаңа өзгеріске сай, ел аумағына дрондарды алғаш рет заңсыз әкелінген, сатқан, сақтаған немесе пайдаланған адамдар үшін қылмыстық жауапкершіліктің орнына әкімшілік жаза қолданылмақ. Сондай-ақ, осындай құқық бұзушылықтарды бірнеше рет қайталағандарға да жаза жеңілдемек.

Өзбекстанда дрондарды әкелуге, сатуға және пайдалануға қатысты толық тыйым 2015 жылдың 1 қаңтарында енгізілді. Оларды пайдалануға рұқсаты бар жеке заңды тұлғаларға ғана қолдана алады.

 

TuraNews

Back to top button