Экономика

Өзбекстан екінші ай қатарынан алтын сатып алу бойынша әлемде көш бастады

Өзбекстанның Орталық банкі екінші ай қатарынан әлемдегі ең ірі алтын сатып алушылардың қатарында болды. Маусым айында ел 9 тонна қымбат металл сатып алса, шілдеде бұл көрсеткіш 9,6 тоннаны құраған.

Шілде айында Өзбекстан әлемдегі ең ірі алтын сатып алушылардың бірі болды, деп хабарлады Дүниежүзілік алтын кеңесі (World Gold Council).

Бір айда әлемдік орталық банктердің резервтері 37 тоннаға өсті. KAP Depo инвестициялық компаниясының хабарлауынша, бағалы металдың негізгі сатып алушылары Польша Ұлттық банкі – 14,3 тонна, Өзбекстанның Орталық банкі – 9,6 тонна, Үндістанның резервтік банкі – 5,4 тонна болды.

Одан кейінгі орындарды Иордания (4,3 тонна), Түркия (3,8 тонна), Катар (2,3 тонна), Чехия (1,6 тонна) иеленді.

Ең көп алтын сатушылар Қазақстан (3,9 тонна) мен Моңғолия (0,7 тонна) болды.

Шілдедегі сатып алулардың арқасында Өзбекстанның Орталық банкі жыл басынан бері таза алтын сатушыдан таза алтынды сатып алушыға айналды. Маусым айында регулятор 9 тонна қымбат металл сатып алды.

Айта кетейік, Қазақстан алтын сатып алу бойынша әлемде 4-орында. 2024-жылдың 1-қаңтарында алтынның 1 граммы 30 323,51 теңге болса, бүгінгі баға – 37 121 теңге.

Source
Kazinform

TuraNews

Back to top button