Басты
Өзбекстан БҰҰ-ның ғарыш кеңістігін бейбіт мақсатта пайдалану комитетіне қосылды
БҰҰ Бас ассамблеясы Өзбекстанды Ғарыш кеңістігін бейбіт мақсатта пайдалану комитетіне (COPUOS) қосу туралы шешім қабылдады. Бұл туралы ӨзА агенттігіне сілтеме жасап Turanews.kz хабарлайды.
COPUOS – БҰҰ-ның арнайы комитеті, оның негізгі міндеттері халықаралық ынтымақтастық пен ғарыш кеңістігін бейбіт мақсатта пайдалану бағдарламаларын жүзеге асыру шараларын қарастыру, ғарыш кеңістігін игеру кезінде туындайтын құқықтық мәселелерді зерттеу болып табылады. Өзбекстанның бұл ұйымға қосылуымен оның мүшелерінің саны 97-ге жетті. Комитетте және оның ішкі комитеттерінде 41 халықаралық ұйым бақылаушы мәртебесіне ие.
Өз кезегінде ұйымға толық мүшелік Өзбекстанға халықаралық ынтымақтастыққа және COPUOS-тың барлық іс-шараларына қатысуға мүмкіндік береді.