ӘлемДенсаулық

Өзбекстан-Әзербайжан денсаулық сақтау декадасы өтеді

Биыл 2-11 қазанда Өзбекстан-Әзірбайжан денсаулық сақтау декадасы өтеді, деп жазады TuraNews.kz Uza.uz агенттігіне сілтеме жасап.

Декада аясында мамандандырылған медициналық орталықтары мен облыстың жетекші емдеу орындарында жоғары технологиялық операциялар, бірлескен тәжірибелер, шеберлік сабақтары, ересектер мен балаларға арналған аз инвазивті хирургия, офтальмология, онкология, гинекология бойынша кеңестер өтеді.

Денсаулық сақтау саласын цифрландыру, фармацевтика, халық медицинасы, медициналық білім және ғылым салаларындағы өзара ынтымақтастықты одан әрі дамыту мәселелері талқыланады деп күтілуде.

Өзбекстан-Әзірбайжан денсаулық сақтау декадасы саланы дамытуда жаңа мүмкіндіктерге жол ашады.

TuraNews

Back to top button