ӘлемҚоғам

Өзбекстан азаматы Түркиядағы жер сілкінісі кезінде көз жұмды

Түркиядағы жер сілкінісі кезінде Өзбекстан азаматы қаза тауып, тағы төрт өзбекстандық хабар-ошарсыз кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат Өзбекстан Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Түркияның Малатия провинциясында зілзаладан Өзбекстан азаматы көз жұмған. Сонымен қатар 4 өзбекстандық із-түзсіз жоғалғандар тізімінде. Олардың тұрған жерін анықтау бойынша іздестіру-құтқару жұмыстары жүргізілуде», — делінген Өзбекстан ведомствосының хабарламасында.

Бұған дейін хабарланғандай, Өзбекстан Түркияға 60 құтқарушы жіберді. Құтқарушылары 10 мыңнан астам өзбек тұратын Хатай ауданы Овакент ауылында іздеу-құтқару жұмыстарын жүргізуде.

 

TuraNews

Back to top button