ӘлемБастыСаясат
Trending

Өзбекстан АҚШ-тан шағын реакторлар сатып алмақ

АҚШ Мемлекеттік департаменті Өзбекстан мен АҚШ президенттері келіссөздерінің қорытындысы бойынша қандай келісімдерге қол жеткізілгенін жариялады, деп хабарлайды жергілікті БАҚ.

Келісімдерге сәйкес, АҚШ бірлесіп игерілетін пайдалы қазбалар кен орындарына басым қол жеткізу құқығын алады. Сонымен қатар тараптар маңызды минералдар кен орындарының бірлесіп жасалған карталары бойынша деректер алмасады.

Бұдан бөлек маңызды минералдар мен сирек жер металдарының тасымалдау тізбегін арттыру үшін 400 миллион долларға дейін инвестиция салу жоспарланған. Ал Өзбекстан америкалық энергетикалық компаниялардан шағын модульдік ядролық реакторлар сатып алу бойынша міндеттеме алды.

Биылғы мамыр айында АҚШ Ядролық реттеу комиссиясы NuScale Power Module атты 77 мегаваттық жаңа шағын модульдік реактор нұсқасын мақұлдады.

Via
inbusiness.kz

TuraNews

Back to top button