ӘлемТуризм

Өзбекстан әлемдегі ең қонақжай 25 елдің қатарына кірді

Passport Index жыл сайынғы рейтингіне сәйкес, Өзбекстан әлемнің ең қонақжай елдерінің топ-25 тізіміне енді, деп хабарлайды Turanews.kz.

Ал әлемнің 139 елі Өзбекстанға визасыз келе алады.

Орталық Азия елдерінің арасында Тәжікстан 49-шы орында (87 мемлекеттің азаматтары визасыз келе алады), Қырғызстан – 53-ші орында (80 ел), Қазақстан – 54-ші орында (77 ел).

Бұл тізімде 22 мемлекет көшбасшы, олардың басым бөлігі Африка құрлығында орналасқан (Нигерия, Эфиопия, Габон, Руанда, Джибути және т.б.). Мальдив, Камбоджа мен Комор аралдары да бірінші орында. 198 мемлекеттің азаматтары осы елдерге визасыз бара алады.

TuraNews

Back to top button