БастыЭкономика

Өзбекстан 2030 жылға қарай жалпы ішкі өнім көлемін $200 млрд жеткізуді жоспарлап отыр

2030 жылға қарай Өзбекстан жалпы ішкі өнім көлемін 200 млрд долларға жеткізуге ниетті. Бұған дейінгі меже 160 млрд доллар шамасында белгіленген еді.

Kazinform агенттігінің хабарлауынша, Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёевтің төрағалығымен өткен кеңестен кейін O’zbekiston 24 телеарнасына сұхбат берген Экономика және қаржы министрінің бірінші орынбасары Илхом Норкулов экономикалық дамудың жаңартылған жоспары туралы баяндады.

Оның сөзінше, алдағы 5 жылда жан басына шаққандағы ЖІӨ 5 мың долларға теңелуі тиіс. Бұған дейінгі жоспарға сай, 2030 жылға қарай елдің ЖІӨ көлемі 160 млрд долларға жетіп, оның жан басына шаққандағы үлесі 4 мың доллар болуы қажет еді.

«Президент 2030 жылға қарай ЖІӨ көлемін 200 млрд долларға, ал оның жан басына шаққандағы үлесін 5 мың доллардан асырып түсіру міндетін еш қиындықсыз орындауға болатынын атап өтті. Бұл ел экономикасының сан тұрғысынан ғана емес, жалпы сапалы дамитынын білдіреді», — деді Илхом Норкулов.

Оның айтуынша, келер жылы инфляцияны 7% деңгейінде ұстап тұру міндеті қойылған. Ал 2026 жылы 5-6% көлемінде тежеу жоспарланса, 2027 жылдан бастап 5% немесе одан аз мөлшерге төмендету көзделген.

Айта кетейік, түрлі бағалау бойынша былтыр Өзбекстанның жалпы ішкі өнім көлемі 100 млрд доллардан асты

TuraNews

Back to top button