
Бұл туралы Өзбекстан президентінің ДСҰ мәселелері жөніндегі арнайы өкілі Азизбек Урунов мәлімдеді, деп жазады Kazinform агенттігі.
— Шешім түпкілікті, 2026 жылға дейін де көп уақыт қалмады, — деп жазды А.Урунов өзінің әлеуметтік желідегі ресми парақшасында.
Айта кетейік, 18-19 ақпан аралығында ДСҰ Бас кеңесінің отырысы өтті. Оның барысында келер жылы 26-29 наурызда Камерунда өтетін саммитке дейін Өзбекстан, Эфиопия, және Босния-Герцеговинаның ұйымға қосылуын мақұлдау ұсынысы көтерілді. Бастамаға қатысты ДСҰ-ның 26 мүшесі сөз сөйлеп, оның 16-сы ресми Ташкентке қолдау білдірді.
Егер Өзбекстан ұйымның толық мүшесі атанса, онда оған уақыт беріледі. Ол кезеңде мемлекет салық саясатын ДСҰ талаптарына сәйкестендіруі керек.