Қоғам

Өскеменде жастар мен жас мемлекеттік қызметшілердің құқық қорғау органдары өкілдерімен «Жастар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет пен сананы қалыптастыру» тақырыбындағы кездесуі өтті

Өскемен қаласында жастар, жас мемлекеттік қызметшілер және құқық қорғау органдары өкілдерінің қатысуымен «Жастар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет пен сананы қалыптастыру» тақырыбында кеңейтілген кездесу өтті. Шараның негізгі мақсаты – құқықтық мәдениетті арттыру, жауапкершілікті күшейту және жастардың кез келген жемқорлық көріністеріне төзбеушілігін қалыптастыру, деп хабарлайды TuraNews.kz.

Диалогқа әділет департаменті, экономикалық тергеулер департаменті, прокуратура және Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің өңірлік департаментінің өкілдері қатысты. Мамандар жастармен жемқорлықтың алдын алу тетіктерін, әділдік қағидаларын және ашық азаматтық ұстанымның маңызын талқылады.

Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің ШҚО бойынша департаменті басшысының орынбасары Дархан Хайруллин жастардың қоғамдық үдерістерге белсенді араласуы мен ашықтық талаптарын ұстануы елдің болашағына тікелей әсер ететінін атап өтті.

Профессор Гүлмира Байρκенова өз сөзінде:

«Құқықтық мәдениеті жоғары ұрпақ кез келген жемқорлық көріністерін қабылдамайды. Сондықтан мұндай кездесулерді ЖОО-ларда тұрақты түрде өткізу қажет», – деп атап өтті.

Спикерлер сондай-ақ заң талаптарын сақтау, ашықтық қағидалары мен этикалық нормалардың мемлекеттік қызметте де, күнделікті өмірде де маңызды екенін ерекше атап өтті.

Шара соңында қатысушылар құқық қорғау органдарының мамандарына өздерін қызықтырған сұрақтарды қойып, пікір алмасты.

Кездесуге қатысушылар мұндай ашық диалогтар жастардың құқықтық сауаттылығын арттыруға және әділ, ашық қоғам қалыптастыруға ықпал ететініне сенім білдірді.

TuraNews

Back to top button