Қоғам

Өскеменде жастар ардагерлермен кездесті

Аудандық орталық кітапханасында Ауған соғысына, Тәжік-ауған және Таулы Қарабах шекарасындағы қақтығыстарға қатысушылармен, сондай-ақ Чернобыль АЭС апатын жоюға қатысушылармен кездесу кеші ұйымдастырылды.
Шараның негізгі мақсаты – жас ұрпаққа патриоттық тәрбие беру, тарихи жадымызды сақтау және елге қызмет еткен азаматтардың ерлігін насихаттау.

Кеш барысында қонақтар өткен жылдардағы оқиғалар жайында естеліктерімен бөлісіп, Отан алдындағы борыш, ерлік пен жауапкершілік туралы тағылымды әңгімелер айтты.

Жиынға қатысушылар ардагерлерге көкейдегі сұрақтарын қойып, алғыс білдірді. Сонымен қатар, Отан үшін жанын қиған боздақтардың рухына тағзым жасалды.

Мұндай кездесулер ұрпақтар сабақтастығын нығайтып, ел тарихына деген құрметті арттыруға ықпал етеді.

TuraNews

Back to top button