Қоғам

Өскемен қаласында XXII халық спорты ойындары ұйымдастырылды

2024 жылдың 18-23 тамыз аралығында Өскемен қаласының жеңіл атлетика манежінде Қазақстан Республикасының Спорт Күнін мерекелеуге арналған XXII халықтық спорт ойындары өтті.

Салтанатты іс-шара барысында 2024 жылы Парижде өткен 33 Олимпиада ойындарына қатысқан облысымыздың олимпиадашы-спортшыларына құрмет көрсетілді. Руслан Құрбанов, Вадим Шарлаимов, Төлеуғали Батырхан, Надежда Дубовицкая, Елизавета Матвеева ақшалай сертификаттармен марапатталды.

Шығыс Қазақстан облысы әкімінің атынан алғыс хаттармен: Секен Байғалиұлы Бодаев-еркін күрестен жаттықтырушы — оқытушы, Сергей Павлович Аксенов, фристайлдан жаттықтырушы-оқытушы, Виталий Евгеньевич Горлачев-фристайлдан жаттықтырушы-оқытушы, арман Александрович Уалиев-армрестлингтен жаттықтырушы-оқытушы марапатталды. Құрмет грамотасымен шайбалы хоккейден жаттықтырушы-оқытушы Андрей Владимирович Мазняк марапатталды. Кикбоксинг бойынша жаттықтырушы-оқытушы Ержан Кимович Шегенов «құрметті спорт қызметкері» атағымен және төс белгісімен марапатталды.

23 тамызда өткен марапаттау рәсіміне Шығыс Қазақстан облысы әкімінің міндетін атқарушы Нұрымбет Аманұлы Сақтағанов және ШҚО Дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Асқар Байжігітұлы Можанов қатысты.

Айта кетейік, Ат спорты түрлері бойынша жарыстар Зайсан қаласында 12-18 тамыз аралығында, бұқаралық спорт түрлері бойынша Өскемен қаласында 18-23 тамыз аралығында өтті. Жалпы командалық есепте жүлделі орындар келесідей бөлінді: Халық ойындары жарыстарының сөзсіз көшбасшысы Өскемен қаласының командасы болып жалпы 400 ұпай жинады. Жалпы 342 ұпай жинаған Ұлан ауданының командасы екінші орын иеленді. Үшінші орында Күршім ауданының командасы, жалпы командалық есепте 318 ұпай жинады. Төртінші орынды Глубокое ауданының командасы иеленді, бесінші орынға Тарбағатай ауданының командасы ие болды.

TuraNews

Back to top button