ҚоғамСпорт

Өскемен қаласында Шығыс Қазақстан облысы әкімінің жүлдесіне XXII Халықтық спорт ойындарының қорытынды жабылу салтанаты өтті

Өскемен қаласында Шығыс Қазақстан облысы әкімінің жүлдесіне XXII халықтық спорт ойындарының қорытынды жабылу салтанаты өтті.

Алғы сөзді ШҚО әкімінің м.а. Н. А. Сақтағанов ашып, марапаттау рәсімімен бастады. Жалпы халықтық спорт ойындарына 2 қала және 11 аудан қатысып, І-ші орынды Өскемен қаласы, ІІ-ші орынды Ұлан ауданының спортшылары қанжығасына байлап, ІІІ-ші орынды Күршім ауданы иеленді. Ал аудандар арасында Ұлан ауданы жалпы команда бойынша І-ші орынға ие болды.

Дәстүрге айналған бұл спартакиадада келесі жылы бұдан да жақсы көрсеткішке ие болатынымызға сенімдімін. Бұған себеп, спартакиада кезінде жоғары нәтиже көрсете білген көкпар, аударыспақ, футбол, жеңіл атлетика т.б. спорт түрлерінен спортшыларымыз жүлделі І-ші орындарға ие болды.

Барлық жеңімпаз атанған спортшылар, спорт ардагерлері үлкен еңбекпен келген жеңістеріңіз құтты болсын.

 

TuraNews

Back to top button