Әлем

«Оскар» сыйлығын тапсыру рәсімі 2029 жылдан бастап YouTube арқылы көрсетіледі

Бұл туралы Америка киноакадемиясының мәлімдемесінде айтылды, деп хабарлайды BBC.

Хабарламада атап өтілгендей, Академия мен YouTube арасындағы келісім 2033 жылға дейін есептелген. Алайда CNN-нің хабарлауына сүйенсек, бұл келісім ойын-сауық индустриясы үшін бетбұрыс сәт болмақ. Өйткені трансляция дәстүрлі теледидардан жаһандық стриминг платформасына көшеді.

Құқықтар пакетіне марапаттау рәсімінің өзі, қызыл кілемше, бэкстейдж және Губернаторлар балының трансляциялары кіреді. Барлық контент бүкіл әлемдегі көрермендер үшін тегін көрсетілмек.

«Келісім тараптары платформаның ауысуы шекараларды жойып, «Оскарды» халықаралық аудитория үшін шын мәнінде қолжетімді етеді деп үміттенеді», деп жазады CNN.

Disney компаниясына тиесілі әрі «Оскарды» 50 жылдан астам уақыт бойы көрсетіп келген ABC арнасы марапаттау рәсімін енді үш рет көрсетеді. 2028 жылы өтетін мерейтойлық, 100-ші сыйлық арна үшін соңғысы болмақ.

«Біз 2028 жылы әйгілі сыйлықтың жүз жылдығын атап өтумен бірге алдағы үш трансляцияны асыға күтеміз және Кинематографиялық өнер мен ғылым академиясына алдағы қызметінде табыс тілейміз», деп жазды ABC өкілдері.

Via
Kazinform

TuraNews

Back to top button