Саясат

Орталық Азиядағы қылмыстық сот төрелігі бойынша сарапшылардың 9-форумы өтіп жатыр

Астанада «Орталық Азия үшін қылмыстық сот төрелігі бойынша сарапшылардың 9-шы форумы» өтіп жатыр.

«Көптеген қонақтар келіп жатыр. Олар біздің әріптестеріміз — судьялар, прокурорлар, адвокаттар, халықаралық ұйымдардың, азаматтық қоғамның, сонымен қатар қылмыстық атқару жүйесінің өкілдері. Бұл форумда сот жүйесі, адвокаттардың тәуелсіздігі, сотқа дейінгі тергеу жұмыстары, қылмыстық атқару жүйесі (пробациялық бақылау бойынша), сонымен қатар қылмыстық сот төрелегін цифрландыру мәселелері талқыланады. Басқа мемлекеттердің үлкен реформаларымен танысамыз. Сонымен бірге тәжірибе алмасамыз. Бұл форум отандық қылмыстық сот төрелігінің дамуына үлкен әсер етеді деп ойлаймын», — деді ҚР Жоғарғы сотының судьясы Еркеш Мәукен.

Сондай-ақ, судья бұл форумда талқыланатын реформалардың ішінен қайсысы тиімді екенін саралап, ең озық тәжірибелерді алатынымызды атап өтті.

Одан бөлек, Еркеш Мәукен соңғы жылдары еліміздің сот жүйесінде елеулі реформалар жасалып жатқанын, соның ішінде атап айтарлығы — кассациялық соттардың құрылуы екенін айтты. Кассациялық соттар 2025 жылдың 1 шілдесінен бастап жұмысын бастайды.

Source
Kazinform

TuraNews

Back to top button