Орталық Азия мен Қытай арасындағы тауар айналымы 45,4% өсті
Орталық Азияның бес елі мен Қытайдың тауар айналымы 2022 жылы 45,4% өсті. Бұл туралы Қытайдың Бас кеден басқармасы (БКБ) мәлімдеді, деп ҚазАқпарат агенттігіне сілтеме жасап Turanews.kz хабарлайды.
2022 жылы Қытайдың «Бір белдеу, бір жол» бойында орналасқан елдермен тауар айналымы 19,4% артып, 13,83 трлн юанды (қазіргі валюта бағамы бойынша шамамен 2,05 трлн доллар) құрады. Соңғы бір жылда Қытайдан «Бір белдеу, бір жол» елдеріне экспорты 7,89 триллион юань (1,17 трлн доллар), Қытайға импорт — 5,94 триллион юань (882,6 миллиард доллар) болды.
2022 жылы Орталық Азияның бес елі мен ҚХР арасындағы тауар айналымы 45,4%-ға, Қытай мен АСЕАН арасындағы тауар айналымы 15%-ға өсті.
Қытай кеденінің статистикасына сәйкес, 2022 жылы Қытай «Белдеу және жол» бойындағы елдерден энергетика және ауыл шаруашылығы өнімдері импортын тиісінше 58,8%-ға (2,46 трлн юань (шамамен 365,5 млрд доллар) және 13,4%-ға (370,4 млрд юань (55,03 млрд доллар) ұлғайтты.